Алматылық 352 оқушы зияткерлік сайыстарда топ жарған – Сағынтаев

4 Желтоқсан 2019, 14:02
10004
Бөлісу:
Алматылық 352 оқушы зияткерлік сайыстарда топ жарған – Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Instagram-дағы парақшасында бүгін халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атанған алматылық оқушыларды құттықтады.

Олардың жеңісі — балалардың ерен еңбегінің нәтижесі, олардың бойындағы ерекше дарынды ашқан және оны дұрыс бағытқа бұра білген ата-аналар мен педагогтардың қолдауы. Биылғы жылы 352 оқушы 28 зияткерлік және шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары атанды. Олардың қоржынында 90 алтын, 124 күміс, 138 қола медальдар бар. Біздің балаларымыз 11-сынып оқушылары арасындағы президенттік олимпиадада, ғылыми жобалар бойынша өткен республикалық байқауларда және жалпы пәндік олимпиадада командалық бірінші орынды иеленуде, - деп жазды әкім.
Сонымен қатар, ол оқушыларды "Алматы дарыны" ерекше төсбелгісін белгілеу жөніндегі ұсынысын қолдайтынын да жазды.
Дизайнды балалардың өздері жасайды, ал оны оқу жылы аяқталғанда тапсыратын боламыз, - делінген әкімнің жазбасында.

Өзгелердің жаңалығы