ТОП-5 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?

24 Мамыр 2024, 12:08
289
Бөлісу:
ТОП-5 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Соңғы қоңырау соғылып, ата-аналар да, мектеп оқушылары да демалатын күннің ауылы алыс емес. Ендеше демалысты жарқын етіп өткізгіңіз келсе, еліміздің табиғаты көркем демалыс орындарына баруға кеңес береміз. BAQ.KZ тілшісі оқырмандарға жайбарақат демалу үшін үздік 5 туристік аймақтың тізімін жасады.

Қазақстан жаһандық туризм рейтингіде өз орнын жасартқан болатын. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде Туризм және саяхат бойынша 14 позицияға көтерілді. Қазақстан туристік бағыт бойынша 119 ел арасынан 52-орынды иеленді.

Жаз айының жаймашуақ күндерінде демалысты қайда өткіземіз. Назарларыңызға еліміздің 5 өңіріндегі табиғаты тамсандыратын әдемі жерлерді ұсынамыз.

Алмарасан 

Құны адам басына шаққанда небәрі 452 теңге болатын бұл демалыс орнының ерекшелігі жылдың кез келген уақытында келіп аралауға болады.

ТОП-5 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?

Фото: wildticketasia.com

Алмарасан Алматының оңтүстік-батысында, қаладан 16 шақырым қашықтықта, Іле алатауының солтүстік беткейінде орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 1827 метр биіктікте орналасқан ыстық бұлақтар жасырылған орын.

Сауықтыру аймағы - тері ауруларын емдейтін таптырмас орын. Судың температурасы 20,5 градустан 39,7 градусқа дейін өзгеріп отырады. Емдік сипаттамасының құрамы француздық Пиреней суларына ұқсас.

Алмарасанға барсаңыз, өзіңізге ыңғайлы қонақ үй немесе демалыс орындарына тоқтауға болады.

Зеренді 

Егер де сіз тыныштықта демалғанды қаласаңыз, тыныш және көркем жер Зерендіге баруды ұсынамыз.

ТОП-5 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?

Фото: pixabay.com

Зеренді – қарағайлы ормандармен көмкерілген таулар мен төбелерден, өзендер мен мыңдаған көлдерден тұратын табиғи саябақ.

Зеренді демалыс орны Ақмола облысындағы Көкшетау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Туристердің назарын өзіне аударатын сиқырлы ормандар, көркем шатқалдар, жартастар, каньондар мен бұлақтар мекені бар. Мұндағы табиғат Бурабай мен Щучинск курорттарынан кем түспейді.

Бұқтырма

Шығыс Қазақстанға ғана емес, шетелдіктерге таныс бұл демалыс орнының ерекшелігі - сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте қолайлы.

ТОП-5 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?

Фото: qazaqstan3d.kz

Өскеменнен 80-150 км жерде орналасқан, су көлемі жағынан әлемде төртінші орын алады. Су қоймасы жасанды, Мұнда демалған адамдар су қйоманы көк теңіз деп атайды.

2021 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында еңбек демалысын Бұқтырма су қоймасында өткізген болатын.

Рахман қайнары

Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданында етек жайған Рахман қайнарының суы өлі. Көлде балық не жануар секілді ешқандай тіршілік көзі жоқ. Қайнардың суы тек дәрілік мақсатта қолданылады. Сондай-ақ көлдің суы тұщы және көмір қышқылына аса бай.

ТОП-5 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?

Фото: dzen.ru/ Светлана Усанова ©./ Иван Усанов ©

Дайын болуға кеңес береміз:

Рахман қайнарына апаратын жол нашар болғандықтан, сапардың тек басында ғана ұйықтауға мүміндігіңіз бар.

Қарқаралы куроттық аймағы

Қарқаралы – қысқы және жазғы туризмнің тұғыры. Ешбір қалаға ұқсамайтын табиғи және мәдени өзіндік ерекшелігі, кескін-келбеті бар өлке. Таудың ұшар басында орналасқан Шайтанкөл, Бассейн, Үш үңгір, Суық бұлақ, Жиренсақал секілді көлдер мен таулар тарихтың тереңінен сыр шертеді.

ТОП-5 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?

Фото: karkaralinskpark.kz

Таулы, қарағай-қайыңды орманы қыста шаңғы-шана бизнесін дамытуға әрі қызмет түрлерін көрсетуге қолайлы. Әсіресе, жаз мезгілінде туристердің демалыс орнына айналатын өңірге келушілер саны 35 мыңнан асып жығылады. Ұлттық парк аумағында 11 туристік маршрут бар. 

Эльнура Бисенғали

Өзгелердің жаңалығы