13 сәуір күні Тонга жағалауында қуаты 6,5 балға жеткен жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 20:03-те (Мәскеу уақытымен 23:03) Нукуалофа қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 615 шақырым жерде орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 262 км тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қиратулар жайлы ресми ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, EMSC Папуа — Жаңа Гвинея жағалауында да 5,5 балдық жер сілкінісінің тіркелгенін хабарлаған еді. Оның эпицентрі астанадан оңтүстікке қарай 307 км жерде, ал тереңдігі 67 км болған.