Егер Киев Ресей конституциясында мәртебесі бекітілген төрт аймақтан әскерін шығарса, Украинадағы соғыс бірден аяқталады. Бұл туралы француздық Le Point басылымына Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Әңгіме Луганск және Донецк халық республикалары, Запорожье және Херсон облыстары туралы болып отыр. Барлық төрт аймақ 2022 жылдың күзінде өткен референдум нәтижесінде Ресейдің құрамына енді. Киев олардың нәтижелерін мойындамайды.
Песковқа Киев өз әскерін осы аумақтардан шығаруға келіскен жағдайда қақтығыс бірден аяқтала ма деген сұрақ қойылды.
Егер Украина осы төрт облыстан өз әскерін шығарса, онда иә. Бұл төрт облыстың барлығы да Конституциямызда Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде көрсетілген. Референдумдардың қорытындысы бойынша бұл аумақтар Ресей Федерациясының әкімшілік шекараларының бір бөлігі болды. Біздің көзқарасымызша, бұл де-юре де, іс жүзінде де жағдай, - деді Песков.
Ол бұл аймақтарда "біздің көзқарасымызша, қазіргі Киев режимі басып алған аумақтар қалғанын" атап өтті.
Кремль баспасөз хатшысы Владимир Зеленскийдің отставкаға кетуі Мәскеудің талаптарының қатарында емес екенін, бірақ оның заңсыздығына байланысты болашақта ол қол қойған кез келген құжатқа шағым жасалуы мүмкін екенін айтты.
Песковтың айтуынша, Ресей атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін мерзімдерді белгілеуді жөн санамайды.
Трамп ешқашан датаны айтқан емес. Ал уақыт маңызды емес деп ойлаймыз. Өйткені Путин атысты тоқтатуды қолдайды, - деді баспасөз хатшысы.
Песков сондай-ақ Украинаның бейтарап мемлекет болуы керектігін айтты; оның НАТО-ға мүше болуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
22 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Қырымды оккупациялауды заңды түрде мойындамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Киев ешқашан жоғалған аумақтарды ресейлік деп мойындамайды. Дегенмен, ол аумақтарды дипломатиялық жолдар арқылы уақыт өте келе қайтаруға мүмкіндік беретін ымыраға келу мүмкіндігіне жол берді. Зеленский сонымен қатар альянсқа мүше елдер ғана Украинаның НАТО-ға кіруіне вето қоя алатынын айтты.