Тонау дерегі екі сағаттың ішінде ашылды

24 Желтоқсан 2019, 15:27
4852
Бөлісу:
Тонау дерегі екі сағаттың ішінде ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгісіз адам кәмелеттік жасқа толмаған 9 жасар қыздың қолынан телефонын алып кеткен. 

23 желтоқсанында Тараз қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына 45 жастағы қала тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған 9 жасар қызының қолынан "Samsung Galaxy S5" маркалы ұялы телефонын белгісіз ер адамның ашық түрде тонап кеткендігі туралы шағымданған, - деп Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев фейсбук парақшасында жазды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай екі сағаттың ішінде қылмысқа қатысы бар Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, телефон иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған дерек Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі ("Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы