"Томиристің" бір айлық табысы белгілі болды

25 Қазан 2019, 18:08
2415
Бөлісу:
"Томиристің" бір айлық табысы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Томирис" тарихи туындысы 1 айдың ішінде 480 миллион теңге табыс түсіргенін айтты. 

"Томирис" фильмі үмітімізді ақтап, прокатқа шыққан бір ай көлемінде еліміз бойынша күн сайын 800 сеанстан көрсетіліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Тарихи туындының мұндай нәтиже көрсетуіне, түсірілім басталмай жатып қойылған талап та әсер еткені анық. Тек басты рөлді сомдау үшін өздеріңізге айтып кеткендей, 20 мыңға жуық қыз кастингке келді", - дейді Ақтоты Райымқұлова. 

Оның айтуынша, фильм бір айдың ішінде прокаттан 480 миллион теңге пайда түсірген.

"Бүгінгі күнге дейін көрсетілген прокаттың қаржысы 480 миллион теңгені құрап отыр. Бұл ақша еліміздің киноөнерін дамиытуға жұмсалады. Таңертең фильмнің режиссері Ақан Сатаевпен сөйлестім. Халықтың осыншалықты ықылас танытып, күнделікті сеанстарының саны 800-ден асуы бізді қатты қуантты. Бұл барлығымыз үшін керемет нәтиже. Сапалы дүние болған соң, нәтиже де жақсы болып тұр", - дейді министр.
Еске сала кетейік, "Томирис" фильмі 2,5 млрд теңгеге түсірілгенін жазған болатынбыз. Сонымен қатар, аталған фильм 27 қыркүйектен бастап прокатқа шыға бастады. Фильмнің режиссёрі Ақан Сатаев "Томирис" неге қазақша көрсетілмегенін айтып, түсініктеме берді. 
Өзгелердің жаңалығы