Төлеутай Рахымбеков: Халықтың рухын жаңғырту тұрғысынан тиімді шешімдер бар

30 Наурыз 2022, 16:47
1327
Бөлісу:
Төлеутай Рахымбеков: Халықтың рухын жаңғырту тұрғысынан тиімді шешімдер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков «Sarap» эксперттік клубының отырысында хабарлады. 

Сондай-ақ ол жаңа Жолдауда қозғалған өзекті мәселелер бойынша өз пікірін білдірді. 

Менің ойымша, көпшілік Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Конституциясына жаңадан сайланған Президенттің саяси партиялардағы мүшелігін тоқтату, облыстардың және қалалардың әкімдері мен олардың орынбасарларының партияның өңірлік филиалдарын басқаруға жол бермеу туралы норма енгізу туралы ұсынысына назар аударды. Президенттің отбасы мүшелерінің саяси қызмет атқаруына және квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарын басқаруына тыйым салатын норманың да маңызы зор, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар жаңадан құрылатын үш облысқа қатысты шешімге тоқталды. 

Мемлекет басшысының Абай облысын орталығы Семей қаласында, Алматы облысын орталығы Қапшағай қаласында, Ұлытау облысын орталығы Жезқазған қаласында, Жетісу облысын орталығы Талдықорған қаласында құру туралы шешімдерін зор ынтамен қабылдады. Сондай-ақ Президент Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы ұсыныс шықса, азаматтардың пікірін қолдайтынын айтты. Әрине, жаңа аймақтарды құрудың орындылығы, бұл бюджеттік шығындарға әкеп соғатыны туралы әңгіме болуы мүмкін. Расында, халықтың рухын жаңғырту тұрғысынан тиімді шешімдер бар, - деді Төлеутай Рахымбеков. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов нағыз бәсекелестіктің уақыты келгені туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы