Төлеутай Рахымбеков: Елімізде коммерцияландыру жүйесі өте баяу жүргізілуде

30 Қазан 2020, 17:20
1556
Бөлісу:
Төлеутай Рахымбеков: Елімізде коммерцияландыру жүйесі өте баяу жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтанда «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбековтің аграрлық сала ғалымдары және аграрлық ЖОО-ның оқытушыларының қатысуымен «АӨК-дегі ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Коммерцияландыру – бұл өндірістің ғылыми-техникалық қызметін жедел түрде дамытудың негізі. Яғни, жалпақ тілмен айтқанда, ғылым мен өндіріс арасындағы сауда. Бұл технологияны және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін саудалаудың заң тұрғысынан қаралған жалғыз формасы немесе өндірістің технологиялық даму құралы. Өкінішке қарай, елімізде бүгінде ғылым құрылымы күрделі, сондықтан да коммерцияландыру жүйесі өте баяу жүргізілуде. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро Инновация»  басшылығында жүріп, «коммерцияландыру» терминін  алғаш қолданған кезімде маған абыройлы  академиктер «сен біздің ғылыми-зерттеу институтымызды базарға айналдырғалы жүрсің бе» деген еді. Алайда, бүгінде бұл термин өз орнын тапты, қазір коммерцияландырудың керек бағыт екеніне ешкім шек келтірмейтін болды. Дегенмен, сөзден іске көшудің арасы әлі алшақ, - деді Рахымбеков.

Төлеутай Рахымбеков коммерцияландырудың ішіндегі мұндай құралдардың маңызды тармақтарының бірі – роялти жүйесі екенін айтады.

Бұл не? Қарапайым өмірден мысал келтірсек, мысалы белгілі бір автордың әні кафе, мейрамханаларда орындалса, сол үшін композиторға ақы төленеді емес пе? Сол сияқты мұнда да, ғылымды шығармашылық қызметтің бір бағыты деп алар болсақ, онда ғалым да өзінің ғылыми жұмысының нәтижесі үшін ақы алуы керек, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы