Төлепберген Байсақалов режиссер ретінде алғашқы фильмін түсіріп бастады

17 Қазан 2022, 12:19
1298
Бөлісу:
Төлепберген Байсақалов режиссер ретінде алғашқы фильмін түсіріп бастады

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарылатын «Түймелер» қысқаметражды фильмінің түсірілімі басталды. Бұл – танымал актер Төлепберген Байсақаловтың режиссерлік дебюті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Түймелер» – ішімдікке тәуелділік мәселесін қозғайтын туынды. Менің режиссерлік дебютім. Әрине, картинаны толық көре білемін, дегенмен, техникалық тұрғыдан әлі де шындалуым керек, – дейді Байсақалов. 

Туындының сюжеті нақты оқиғаларға негізделген, онда әр адам бұл өмірге белгілі бір мақсатпен келеді деген маңызды ой жасырылған. Басты кейіпкер бір жағымсыз оқиғадан кейін арнайы орталыққа түседі. Ол отбасын, мансабын, бәрін жоғалтып алуы мүмкін... 

Актер Бауыржан Әділхан үшін бұл да басты рөлді орындаушы ретіндегі дебют. Бұған дейін ол Айжан Қасымбектің «От», Абдель Фифтибаевтың «Пацаны», Аружан Досымқожаның «Бремя, которое мы несем» және т.б. фильмдерде эпизодтық рөлдерді ойнаған.   

Фильмнің түсірілімі бір апта бойы Алматыда өтеді. Авторлар фильмді биыл түсіріп бітуді және кинофестивальдерге ұсынуды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы