"Төленген ақшаға ризамын": Құлсары тұрғыны мемлекеттен алған көмегі туралы

21 Мамыр 2024, 08:03
641
Бөлісу:
"Төленген ақшаға ризамын": Құлсары тұрғыны мемлекеттен алған көмегі туралы
Фото: видеодан кадр

Құлсарының 600-ден астам тұрғыны су басқан мүліктің залалын бағалау нәтижелерін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Құлсары тұрғындарының зардап шеккен мүлкін бағалау тәулік бойы жүргізілуде.

Осы аптаның соңына дейін бұл жұмысты толығымен аяқтау жоспарлануда.

Зардап шеккендердің қатарында "4 ауыл" шағын ауданының тұрғыны Гүлфайруз Абирова бар. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен үй мамандардың бағалауынан өтті.

5 сәуірде менің аулам су астында қалып, үйім құлады. Үйім саман тастан салынған болатын. Арнайы комиссия оны апатты деп таныды. Бүгін мен өз мүлкімді бағалау нәтижесін алдым, ұсынылған өтемақы көлемі мен үшін жеткілікті. Көмек пен қолдау үшін мемлекетке алғысымды білдіремін. Осындай қиын сәтте жалғыз қалған жоқпыз, - деді Гүлфайруз Абирова.

Құлсары қаласының тағы бір тұрғыны Айгүл Ихсанова өз үйін жөндеуге кірісіп кетті.

Үйімізге дезинфекция жүргізді. Бағалау комиссиясы келіп, техникалық сараптама жасады. 15 мамырда маған бағалау нәтижелерін әкеліп таныстырды, мен танысып шығып, ақшалай өтемақы төлеуге алуға бердім. 17 мамыр күні кешкілік шотыма қаражат түсті. Мен үшін өтемақы көлемі жеткілікті, - деді Айгүл Ихсанова.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы № 20 мектебінің базасында үйлері апатты деп танылған тұрғындарға ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай өтемақы төлеу бойынша ақпарат беріліп жатыр.

Күні бүгінге дейін өтемақы төлеу тәртібі бойынша барлығы 800-ден астам адам ақпарат алды.

Телефон арқылы Құлсарының 200 тұрғынына түсінік жұмыстары жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы