Токио олимпиадасының алауы мұражайға қойылады

23 Тамыз 2020, 17:31
1205
Бөлісу:
Токио олимпиадасының алауы мұражайға қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Олимпиада алауы Токиодағы Ұлттық стадион мұражайына орнатылады.

Olimpic.kz хабарлауынша, коронавирус індеті тараған соң, ұйымдастырушылар алауды жұрт көзінен тасада ұстауды жөн көрген. 

Сондай-ақ, елде төтенше жағдай режимінің жариялануы да бұл шешімге әсер етпей қоймады.  

Kyodo мәліметіне сәйкес, Токио ойындарын ұйымдастырушылар Олимпиада алауын қайтадан халық назарына ұсынбақ. Алау жаңадан салынған ұлттық стадион мұражайында орнатылады.  

Айта кетейік, алауды көрушілер алдын ала билет алуға міндеттеледі.   

Өзгелердің жаңалығы