Токио Олимпиадасына 2 жолдама ойнатылады

5 Қараша 2019, 14:30
2162
Бөлісу:
Токио Олимпиадасына 2 жолдама ойнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында спорт маусымын қорытындылайтын дәстүрлі "Altyn Samǵaý-2019" Ұлттық спорттық жүлдесі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Биыл ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті салтанатты шараны ұйымдастыруда спорт жанкүйерлері мен жанашырларына бірнеше тосынсый әзірледі. #teamKZ-тің шынайы жанкүйерлеріне өздерін ұлттық құрама мүшесі сезініп, спорт саңлақтарымен емін-еркін кездесіп, әңгіме өрбітуге, салтанатты шараны сүйікті спортшыларымен бірге тамашалауға  зор мүмкіндік беріледі. 

"Қазақстан" орталық концерт залының сахнасында отандық эстрада жұлдыздары ән мен жырдан шашу шашады. Кеш қонақтары "Ninety One", "Молданазар" топтары мен НаZима, Қуандық Рахым және басқа да қазақстандық әншілердің өнерін тамашалайды. Жанкүйерлер үшін ең басты тосынсый – 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама ойнату болмақ. Жолдаманы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына билеттерді тарату жөніндегі Қазақстан Республикасындағы ресми агенттік халықаралық "Complete Service" туристік компаниясы ұсынады. Төрткүл дүние көз тіккен төрт жылдықтың басты бәсекесі саналатын Олимпиада ойындарына жолдама салтанатты кештің көрермендері арасында сатып алған билеттер бойынша ойнатылады, - делінген хабарламада.  

Айта кетерлігі, билеттер 30 қазаннан бастап сатылымға түсті. Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. 

15 қараша күні Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми www.olympic.kz сайтында үздіктердің үздігін анықтау үшін дауыс беру басталады. Дауыс беру салтанатты марапаттау кешіне дейін жалғасады. 


 

Өзгелердің жаңалығы