Токио Олимпиадасы бұқаралық балалар спортын дамыту қажетін көрсетті – Аружан Саин

19 Тамыз 2021, 12:58
8740
Бөлісу:
Токио Олимпиадасы бұқаралық балалар спортын дамыту қажетін көрсетті – Аружан Саин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты.

Бүгінгі таңда өңір әкімдіктері балалардың бұқаралық спорт түрімен айналысуына қажетті мемлекеттік тапсырысты бөлмей отыр. Ол кәсіби спорт клубтарын дамытуға бөлінетін қаржыға қарағанда әлдеқайда аз. Токиода өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасының нәтижесі біз көп жыл бойы айтып жүрген мәселемізге көз жеткізді. Ол бұқаралық балалар спорты бойынша негіз болуы керегін көрсетті, - деді ол.

Аружан Саин қазақстандықтар шетелдік емес, өздерінен шыққан спортшылардың жеңісіне қуанғысы келетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы кәсіпқой командаларды қаржыландыру, имидждік шараларға жұмсалатын қаржыны бұқаралық балалар спортына жұмсау шешімі тиімді әсер береді. Салық төлешулірдің қаржысы балалардың спорттық дамуына жұмсалуы өте жақсы пікір. Балалар елдің болашағы ретінде білікті, білімді маман болып жетіледі, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы