Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің твиттердегі парақшасында жазды.
Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.