Тоқаев: Тәуелсіздік ұрпақтары - жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі

8 Желтоқсан 2021, 11:05
2431
Бөлісу:
Тоқаев: Тәуелсіздік ұрпақтары - жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының жеңімпаздарымен кездесуінде айтты.

Құрметті жастар, мен барлығыңызды келе жатқан ұлы мереке -Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің бүгінгі кездесуіміздің ерекше мән-маңызы бар. Тәуелсіздік ұрпақтары шын мәнінде жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі. Еліміз дербес мемлекет болғалы бері ойы еркін, рухы азат, тұтас буын өсіп жетілді, - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген ұрпақ ер жетіп, ел ісіне араласты.

Олар еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатыр. Мен егемендік кезеңінде туып өскен жастарға арнайы грант бөлуді тапсырдым. Бұл талантты ұл-қыздарымызды қолдауға бағытталған. Қазақта «жас келсе-іске» деген жақсы сөз бар. Халқымыз жастарға сенім артып, әрдайым сеніммен қарайды. Жастардың тәрбиесіне білікті және білімді болуға айрықша ден қояды. Дарынды жастарымыз еліміздің болашағына деген сенімді арттыра түседі, - деді Президент.

Мемлекет басшысы жастардың жобаларымен танысып шыққанын айтты.

Мен грант жеңімпаздары ұсынған жобалармен танысып шықтым. Ол жобалардың көбінде экологияға ерекше мән берілгенін көрдім. Бұл-өте дұрыс. Себебі қоршаған ортаны қорғау барша адамзат үшін аса маңызды. Кең байтақ жеріміздің бірегей табиғатын сақтау – барлығымыздың мінтедіміз. Жастардың игі идеялары іске асып, елдің дамуына үлес қосады деп үміттенемін, - деді Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы