Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорымен кездесу өткізді

10 Наурыз 2021, 16:48
1283
Бөлісу:
Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорымен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар саласындағы белгілі американдық сарапшы, Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар әлемдік дамудың заманауи үрдістерін және коронавирустан кейінгі кезеңде геосаясат тәртібін жаңғыртудың келешегін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19 пандемиясынан жинақталған тәжірибені ескере отырып, әлемдік экономиканың технологиялық тәртібін өзгертудің негізгі факторлары және халықаралық байланыстардың өзгеруін өзектендіру мәселелері талқыланды.

Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорымен кездесу өткізді

Президент америкалық ғалымға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтары, соның ішінде, Орталық Азия аймағына қатысты ұстанымдары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу соңында  эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін Фрэнсис Фукуяманы Қазақстанға келуге шақырды. Профессор өз кезегінде Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс білдіріп, болашақта халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша өзара табысты ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.

 

Өзгелердің жаңалығы