Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

13 Қараша 2020, 19:14
1833
Бөлісу:
Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қырғыз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы, премьер-министрі Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. 

Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. 

Әңгімелесу барысында Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін атап өтті. 

Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді, – деді Қазақстан Президенті.

Өзгелердің жаңалығы