Тоқаев Pfızer вакцинасын жеткізуді тоқтатқандарды жазалауды тапсырды

10 Шілде 2021, 13:17
3442
Бөлісу:
Тоқаев  Pfızer вакцинасын жеткізуді тоқтатқандарды  жазалауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сәтте өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде хабарлады. Өзіміз жасаған QazVac вакцинасының қолжетімді екендігін алға тартқан Мемлекет басшысы Pfızer екпесіне де тоқталды.

Оның айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында Pfızer вакцинасының 2 млн дозасын жеткізу жоспарланған.

Алайда жоспар іске аспаған.

Отандық QazVac вакцинасы баршаға қолжетімді. Кей мемлекеттерде бұл жоқ. Ал Рfızer вакцинасының жеткізілуі тиіс дозасы елге келмеді. Мүмкін кей адамдар осы екпені алуға ниетті болған шығар. Үкіметті, Президент әкімшілігін және лауазымды тұлғаларды осы қажетті жеткізілуі тиіс препараттың неліктен жеткізілмегендігін бақылауға алуды тапсырамын, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жақында жаңа ұсыныстар келіп түскенін алға тартқан Мемлекет басшысы бүкіл әрекет алгоритмі бар екендігін айтты. Ал Үкімет Pfizer-дің жеткізілмеу себебін белгілі талаптармен байланыстырып отыр. 

Талап барлық мемлекеттер үшін стандартты болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет болса, сәйкес Жарлыққа қол қоюға дайынмын дейді. Осылайша, ел азаматтарына қалаған вакцинаны салдыруға мүмкіндік беруге назар аударған Президент аталған вакцинаға қатысты мәселені жақын арада шешуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы