Тоқаев Михай Варганы қабылдады

26 Қазан 2021, 20:25
48936
Бөлісу:
Тоқаев Михай Варганы қабылдады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық кеңесінің бесінші отырысына және  бизнес-форумға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ пандемияға қарсы күрес шараларына, климаттың өзгеруіне және аймақтық күн тәртібіне қатысты мәселелер сөз болды.

Тоқаев Михай Варганы қабылдады

Қазақстан Президенті еліміздің тілеулес досы Михай Варгаға ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға сапары табысты болатынына және екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы байланыстардың даму қарқыны бәсеңдемегенін айтты.

Тоқаев Михай Варганы қабылдады

Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министрінің 2019 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында табысты кездесу өткізгенін  айтқан Михай Варга Мажарстан басшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке алдағы уақытта жасайтын сапарын асыға күтіп отырғанын жеткізді.

Тоқаев Михай Варганы қабылдады

Мажарстан саясаткері Мемлекетіміздің басшысына пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы бизнес-форумның табысты өткенін айтты. Аталған шара барысында бірқатар маңызды инвестициялық келісімге қол қойылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Михай Варганы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Тоқаев Михай Варганы қабылдады


Өзгелердің жаңалығы