Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен пікір алмасты

26 Қараша 2020, 18:45
1000
Бөлісу:
Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен пікір алмасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын  талқылады.

Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы