Тоқаев Давид Дегтяревті құттықтады

26 Тамыз 2021, 20:56
12147
Бөлісу:
Тоқаев Давид Дегтяревті құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтынды салған Давид Дегтяревті құттықтады. Бұл туралы Президент өзінің твиттерінде жазды.

Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарында Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы