Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты ойын айтты

30 Маусым 2022, 10:32
2142
Бөлісу:
Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты ойын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді. 

Үкіметте жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселе талқыланып жатыр. Бүгінде бізге түскен барлық ұсыныс, оның ішінде зейнет жасын төмендету, әлеуметтік кодекске өзгерту енгізу мәселелері талқылануда. Аталған мәселе бойынша жұмыс тобын құрып, талқылап жатырмыз, - деді Тоғжанов.

Тоғжанов Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесіне жауап бермейтінін айтты.

Ерұлан Жамаубаев басқа мәселелерге жауап береді. Ол вице-премьер-министр ретінде аталған сұраққа жауап бере алмайды. Бұл мәселенің маған қатысы бар. Сондықтан бұл мәселені талқылап жатырмыз, - деді ол.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланбағанын айтқан еді.

 

Өзгелердің жаңалығы