Тоғжанов ХҚКО-ның шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты дайындығын тексерді

22 Қаңтар 2023, 16:57
1280
Бөлісу:
Тоғжанов ХҚКО-ның шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты дайындығын тексерді

Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі мамандандырылған ХҚКО-ның шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты дайындығын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 қаңтардан Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады. Ол 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.   Мамандандырылған ХҚКО-ның өтінімдерді қабылдауға деген дайындығын тексеру мақсатында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ АФ бөлімшесіне барды.   

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған ХҚКО-да облыстық полиция департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, сақтандыру компаниялары мен кеден қызметінің қызметкерлерінен штаб құрылды.   Кірістер департаментінің қызметкерлері сондай-ақ Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігінің ғимаратында автомобиль иелеріне кеңес беретін болады.   

Өз-өзіне қызмет көрсету секторында eGov.kz арқылы деректерді тексеруге өтінім беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бөлімшелерінде 124 жұмыс орны әзірленді, оның 20-ы - мамандандырылған ХҚКО-да, 49-ы - аудандық бөлімдерде.   

Автокөлік құралдарының агрегаттарын құжаттармен салыстыру бір мезгілде 6 автокөлікті қабылдай алатын ХҚКО-дағы арнайы ангарда жүргізіледі. Тексеруден кейін полиция департаментінің сарапшы-криминалистері автокөліктерді дереу дерекқорға тіркейді.   Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның қосымша күштері тартылған, мамандандырылған ХҚКО аумағында, ангарда сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды. Бейнежазбалар полиция департаментінің жедел басқару орталығына және Ақтөбе облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығына бақыланып отырады.   

Шара қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов шетелдік автомобильдерді заңға сәйкес сапалы заңдастыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы