Тоғжанов эпиджағдайдың күрделенуіне байланысты қабылданған шараларды түсіндірді

18 Қаңтар 2022, 18:10
1153
Бөлісу:
Тоғжанов эпиджағдайдың күрделенуіне байланысты қабылданған шараларды түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, эпиджағдайдың нашарлауы себепті денсаулық сақтау саласына үлкен жүктеме түсіп отыр.

Ведомствоаралық комиссия қосымша шектеу шараларын қабылдады. Шетелден келгендердің барлығында вакцина алған-алғандығына қарамастан теріс ПТР-сынаманың болуы міндеттеледі, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар Ashyq қосымшасы бойынша қоғамдық орындарға кіру ережелеріне тоқталды.

Ashyq арқылы  «жасыл» мәртебе болған кезде ғана жұмысына рұқсат етілетін нысандардың тізімі кеңейтілді. Өңірлердегі эпидахуалға қарамастан оқушылар мен студенттерді оқытудың  сараланған тәсілі қолданылуда. Халық көп шоғырланатын нысандарға қосымша шектеулер енгізілді. Бұл мәжбүрлі шектеу шаралары азаматтарымызды қорғау үшін қажет, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы