Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты

15 Маусым 2022, 18:07
1908
Бөлісу:
Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

АӨК дамыту мен халық табысын арттырудың жаңа бастамалары. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылуда. 

Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Бағдарлама индустрияландырумен және экономиканы әртараптандырумен, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасатын халықтың табысын арттыруға және нәтижелі жұмыспен қамтуды іске асыруға бағытталған. Қазір біз ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігін арттырып, тұрақты жұмыс орындарын құруымыз керек. Біз жұмыстың басталғанын көріп отырмыз,-деп атап өтті вице-премьер.

Тек 5 жыл ішінде АӨК саласында 2,2 трлн тенге көлемінде 500-ден астам инвестициялық жоба іске асырылатын болады, жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен 500 мыңнан астам адам қамтылды. Өз кезегінде өңір басшысы Ермек Маржықпаев облыста осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 

Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты

8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5 мыңға жуығы-тұрақты, жалақы 22% – ға артты, - деп атап өтті облыс әкімі.

Премьер–министрдің орынбасары Степногорск қаласындағы "Ар-ай" өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

Кооператив басшысы Гүлмайра Баймақова "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша грант алып, 2020 жылы Ақмола облысының Қарабұлақ ауылында "Балкондағы сиыр" жобасын іске қосты. 

Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты

"Біз барлығымыз азық-түлікті қажет етеміз және оларды әдетте дүкендерден сатып аламыз. Қала тұрғындарының аз бөлігі жаңа піскен көкөністерді тікелей бақшадан, ал сүтті тікелей "сиырды сауып"ала алады. "Балкондағы сиыр" жобасы - бұл дүкендер мен көптеген делдалдарды айналып өтіп, жаңа, экологиялық таза сүт өнімдерін қалай алуға болатындығына қатысты жоба. Оның мәні мынада- табиғи өнімдерді тұтынғысы келетін қала тұрғыны өз ақысына сиыр сатып алып, оны бағу үшін ауыл тұрғынына береді, ал ол сиырды күтуге – тамақтандыруға, суаруға, саууға және жаңа сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге міндеттеме алады. 

Сондай-ақ, бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындары ұсынылады. Мысалы, "Ар-ай" кооперативінде бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға жұмыс орындары ұсынылады. Бүгінгі күні көкөністер өсірумен көп балалы аналар айналысады – бірі 5 баланың анасы, екінші көп балалы ана 4 баланы тәрбиелеп отыр, олардың бірі-ерекше қажеттіліктері бар және 2 баланы асырап отырған жалғызбасты ана. 

Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Вице-премьер Степногорск қаласында көкөністерді өсіруге мамандандырылған "Жылыжай технологиялары" ЖШС, тірі балықтарды көбейту мен жануарларға, құстарға, балықтарға арналған витаминді және минералды қоспаларды өсірумен айналысатын "Прогресс - Агро" ЖШС, сондай-ақ Біржан Сал ауданында құлпынай және көкөніс отырғызу бойынша кәсіпорындардың қызметімен танысты. 

Келесі нысан Бурабай ауданында орналасқан ЖК "Абдрахманов" құрама жем зауытының сүт-тауар фермасы болды. 

Қазіргі заманғы сүт-тауар фермасы 2015 жылы жеке кәсіпкер Болат Әбдірахмановтың бастамасымен іске қосылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын ірі қара мал саны артып келеді. Олар үшін табиғи көкөніс қоспалары бар арнайы тамақтану режимі бекітілген. Фермердің айтуынша, симментал және монбельяр тұқымды ірі қара мал әкелінді. 

Тоғжанов Ақмола облысындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Қазіргі таңда фермада 500 бас ірі қара және 109 бас жылқы бар. Бастапқыда 200 болды, кейінірек олардың санын ұлғайту керек екенін түсіндім. "Агробизнес-2020" бағдарламасы бойынша Агрокредит корпорациясы арқылы 88 млн. теңге несие алдым, оған Чехиядан 96 бас ІҚМ сатып алдым, биыл "Ырыс" бағдарламасы бойынша тағы 53 бас әкелуді жоспарлап отырмыз, - дейді жеке кәсіпкер. 

Ералы Тоғжанов Көкшетау қаласындағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорында болды. "Гормолзавод" брендімен өңірден тыс жерлерге танымал өнімдер елдегі ең дәмді балмұздақтың бірін өндірумен ғана емес, сонымен қатар басқа да сапалы сүт өнімдерімен де танымал. Өткен жылы зауытта сүт қышқылды және тұтас сүт өнімдерін шығаратын жаңа цех іске қосылды. 
 

Өзгелердің жаңалығы