Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қайтыс болды

2 Тамыз 2023, 03:25
1466
Бөлісу:
Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға «Қостанай-Введенка» тасжолында болған. «Мерседес» көлігін мінген 28 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан ВАЗ жеңіл көлігінде отырған 32 жастағы жүргізуші, 29 жастағы әйелі, 8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады, – деді облыстық пд жпқб басшысының орынбасары Мақсат Ойықбай.

Өзгелердің жаңалығы