«Тобыл» Қазақстан құрамасының шабуылшысына қызығушылық танытып отыр

23 Маусым 2019, 14:12
1411
Бөлісу:
«Тобыл» Қазақстан құрамасының шабуылшысына қызығушылық танытып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайдың «Тобыл» командасы 23 жастағы «Ақтөбенің» шабуылшысы Абат Айымбетовке қызығушылық танытып отыр.

Қостанай командасының бас бапкері Владимир Газзаев бірнеше рет ойыншылар санының аздығын айтқан болатын. Сондықтан клубқа жаңа ойыншылар алуды көздеп отыр.

Оның үстіне, «Тобылдың» шабуыл шебінде ойнайтын 25 жастағы Сенин Себаи әзірге сенімді ақтап жүрген жоқ. Ол 8 ойында тек 1 гол соқты. Біраз уақыт денсаулығына байланысты ойындарға да қатыса алмады.

Абат Айымбетов биыл премьер-лигада 14 матчта 5 гол соққан. Жақында ұлттық құрамаға шақырту алды. Бельгия және Сан-Мариномен ойындарда алаңға шықты.

Өзгелердің жаңалығы