Тоқаевпен бірге түскен ЕЭК басшыларының селфиі

1 Қазан 2019, 12:46
2697
Бөлісу:
Тоқаевпен бірге түскен ЕЭК басшыларының селфиі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің басшылары селфи жасады. Бұл фотосуретті Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-тегі парақшасына салды.

Мемлекет басшылары Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға келген еді. Кадрға тек Ресей президенті ғана Владимир Путин түспей қалған. Себебі оның келуі кейінірекке жоспарланған. 

Фотода солдан оңға қарай Пашинянның өзі, Молдова президенті - Игорь Додон, Қырғызтан президенті - Сооронбай Жээнбеков, Сингапур премьер министрі - Ли Сянь Лун, Қазақстан президенті - Қасым-Жомарт Тоқаев және ЕЭК басшысы - Тигран Саркисян.




Өзгелердің жаңалығы