Тоқаев Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға келді

30 Қыркүйек 2019, 20:58
1338
Бөлісу:
Тоқаев Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Арменияға келді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді. Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Өзгелердің жаңалығы