Тоқаев Украинамен саяси ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты

25 Қыркүйек 2019, 00:40
1325
Бөлісу:
Тоқаев Украинамен саяси ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы лауазымға сайлануларымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, ол үшін әлеуеттерінің зор екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне шақырды.



Өзгелердің жаңалығы