Тоқаев Арыста болған оқиғамен танысуға барады

24 Маусым 2019, 18:56
1690
Бөлісу:
Тоқаев Арыста болған оқиғамен танысуға барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына өзі ұшып шығады. Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады. Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын», - деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы