ТМҰ Бас хатшысына "Дүниежүзілік туризм көшбасшысы 2024" беделді марапаты табысталды

Кеше, 19:39
190
Бөлісу:
ТМҰ Бас хатшысына "Дүниежүзілік туризм көшбасшысы 2024" беделді марапаты табысталды
Фото: kabar.kg

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, елші Қубанычбек Омуралиевке бүгін Дубайда өткен "Дүниежүзілік туризм көшбасшысы" жиынында "Дүниежүзілік туризм көшбасшысы 2024" беделді марапаты табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл марапат түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және аймақтың жаһандық орналасуына ықпал жасайтын инновациялық туризм бастамаларындағы елеулі еңбектің айқын белгісі. 2024 жылғы желтоқсан айында Брюссельде өткен "Global Turizm" форумының жыл сайынғы басқосуында атап өтілген бұл марапат елші Омуралиев һәм ТМҰ үшін маңызды кезеңнің егізі болып табылады. Түркі мемлекеттерінің туризм саласындағы ортақ күш-жігері арқасында халықаралық деңгейде назар аудартатын тұрақты, инклюзивті және мәдени жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.

ТМҰ аясында тарихи Ұлы жібек жолын қайта жандандыруға бағытталған бастамалар ерекше маңызға ие. Түркі Ұлы жібек жолы жобасы арқылы саяхатшылар www.turkicsilkroad.com арнайы әзірленген цифрлық платформа арқылы өңірдің бай мәдени және тарихи мұрасына сапар шегіп, ұмытылмас әсер ала алады. Сондай-ақ, "Табаррук зиярат" жобасы да Түркі елдеріндегікиелі жерлерді көруге, аймақтың тарихи, рухани және мәдени байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) қызметі мәдени туризммен шектелмейді. Соңғы жылдары Ұйым қысқы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және аймақтың көрікті табиғи байлықтарының игерілмеген әлеуетін пайдалануға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта "Түркі шаңғы орталықтары бірлігі" құрылды. Тағы бір тамаша бастама "Түркі әлемінің туризм астанасы" жобасы мүше елдердің қалаларының мәдени және экономикалық беделін арттыруға зор ықпал етуде. Қырғызстанның Жалал-Абад қаласы 2025 жылғы "Түркі әлемінің туризм астанасы" болып жарияланды, - делінген ақпаратта.

ТМҰ экотуризмді қолдау мен кәсіби білім беру бағдарламаларына да мән беруде. Осы бастамалар аясында 1 000-нан астам туризм мамандары әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсету дағдыларымен қамтамасыз етілді. Бұл тек туризм саласындағы стандарттарды көтеріп қана қоймай, мүше мемлекеттер арасында экономикалық өсуді және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Дубайда өткен марапаттау рәсімінде ТМҰ-ға мүше елдердің жаһандық туризм саласындағы ұжымдық жетістіктері атап өтілді. Бұл марапат – ТМҰ-ның ортақ бағдар аясында түрлі қауымдастықтардың басын қосқан, мәдени мұраны қарқынды туризм әлеуетіне айналдырған еңбектің жемісі.

ТМҰ аймақта ынтымақтастықты нығайтып, одан да биік белестерге қол жеткізуді мақсат тұтады. Күн тәртібінде мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынастарын кеңейту, кешенді түрде түркі әлемінің ауқымды туристік картасын әзірлеу, Түркі Жібек жолы жобасы аясында маңызды бастамадарды қолдау сияқты бастамалар бар.

ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевтің "Дүниежүзілік туризм көшбасшысы 2024" марапатына ие болуы – түркі аймағында туризм саласының болашағын жарқын ету үшін бірлескен жұмыстың және бірлік пен ынтымақтың айқын көрінісі.

Өзгелердің жаңалығы