Қырғызстан Республикасының Шолпан-Ата қаласында ТМД және ЕАЭО жастар форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей және Ираннан 500-ден астам жас қатысты.
АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймолдинов жастар саясатын іске асыру саласында елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Ал қазақстандық делегация өкілдері басқа мемлекеттердегі әріптестерімен инновацияларды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бойынша қазақстандық тәжірибе туралы айтып берді.
Форум аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастар кадрлық резервін құру, креативті индустрия, инновациялық технологиялар, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығы мәселелеріне арналған 8 тақырыптық секция өтті.