ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

13 Қыркүйек 2019, 02:27
1763
Бөлісу:
ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады. 

ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,7% артты (2018 жылғы қаңтар-шілдеде – 3,6%).

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3% өсті (2018 жылғы шілдеде 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 2,7%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 0,4% төмендеді (2018 жылғы шілдеде 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 9,2%).

Естеріңізге сала кетейік, өткне айда еліміз бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5% артты.   


Өзгелердің жаңалығы