ТМД басшыларының отырысында не талқыланып, қандай құжаттарға қол қойылды?

14 Қазан 2022, 16:07
945
Бөлісу:
ТМД басшыларының отырысында не талқыланып, қандай құжаттарға қол қойылды?
Фото: Ақорда

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары– Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саммитте қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық бағдарламасын мақұлдады, – деді ол.

Тілеубердінің айтуынша, сұрақтардың басым блогы мәдени-гуманитарлық салаға арналды. Ол бұл ТМД елдернің достастығы қарқынды дамып келе жатқанын баса айтты. ТМД-да қабылданған «бір жыл – бір тақырып» формуласына байланысты мемлекет басшылары жылдары тақырыбын айқындады.

Олар:

2024 жыл еріктілер қозғалысының жылы;

2025 жыл – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бейбітшілік пен бірлік жылы. 

2026 жыл – денсаулық сақтау жылы.

Саммиттің тағы бір құжаты - мемлекет басшыларының климат саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі болды. Онда климат мәселелсінде ТМД елдерінің бірлескен іс-қимылдары маңызды екені атап айтылды. ҚР Президентінің бастамасы бойынша ТМД-дағы байқаушылар мен серіктестердің мәртебесін белгілеу туралы құжаттарды дайындау жұмысы басталады. Бұл достастықтың жұмысына басқа елдер мен халықаралық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ТМД адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы жаңа ереже қабылданды, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы