Өткен жылы 45 мың тонна балық ауланған – министр

18 Тамыз 2020, 10:42
1849
Бөлісу:
Өткен жылы 45 мың тонна балық ауланған – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев онлайн өткен Үкімет отырысында баяндады.

Қазақстанда 1000-нан астам балық шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығы су айдыны мен учаскелері бекітілген. Бұл салада жалпы 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2019 жылы 45 мың тонна балық ауланған. Балық аулау негізінен Атырау, Алматы, ШҚО және Қызылорда облыстарында іске асады. БҰҰ-дағы азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметі бойынша, аква өсіру саласы ең қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Мысалы, өсірелетін балықтың әлемдік көлемі 60 жыл бұрын 1 млн тонна болса, қазіргі таңда 82 млн тоннадан асады, - деді министр.
Соңғы 25 жыл ішінде аква өсіру көлемі 67 млн тоннаға (450%) өсті. Балық аулау көлемі тұрақты деңгейде. Қазақстанда балық өсіру саласының потенциалы жоғары. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есеге, яғни 800 тоннадан 7,5 мың тоннаға өсті. Елімізде 180 балық өсіру шаруашылығы бар. Бұл салада 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. 
Жасанды балық өсіру шаруашылықтары көп болуы керек. ДДСҰ ұсынған жан басына шаққандағы 16 келі балық тұтыну нормасына жету үшін шамамен 300 мың тонна балық өсіру қажет. Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшы. Оның көлемі - 5000 тонна. Алматы облысында - 1000 тонна, СҚО - 380, ШҚО - 300 тонна балық өсіріледі, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанда бір адам жылына 4 келі балық жейді. Сонымен қатар, премьер-министр 2030 жылға қарай балық өндірісін 600 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік барекендігін айтқан еді. 


Өзгелердің жаңалығы