Өткен тәулікте 1 685 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

22 Шілде 2020, 09:03
1228
Бөлісу:
Өткен тәулікте 1 685 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қатысты 21 шілде сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен тәулікте 1685 адам коронавирус індетін жұқтырды деп хабарлады coronavirus2020.kz.

Оның ішінде 743 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 213 / 103
Алматы қаласы - 241 / 134
Шымкент қаласы - 38 / 10
Ақмола облысы - 54 / 28
Ақтөбе облысы - 50 / 30
Алматы облысы - 54 / 27
Атырау облысы - 109 / 65
Шығыс Қазақстан облысы - 238 / 115
Жамбыл облысы - 42 / 23
Батыс Қазақстан облысы - 87 / 44
Қарағанды облысы - 175 / 79
Қостанай облысы - 54 / 17
Қызылорда облысы - 115 / 34
Маңғыстау облысы - 49 / 18
Павлодар облысы - 68 / 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 82 / 4
Түркістан облысы - 16 / 6

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 75 153.


Өзгелердің жаңалығы