«Титаник» кемесінің қалдықтарын көрем деп мұхит түбіне түскен кеме әлі табылмай жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
18 маусым күні «Титаник» кемесінің қалдықтарын көру үшін бес адам сүңгуір арқылы мұхит түбіне саяхаттаған болатын. Алайда сол күні жоғалып кетті. Жолаушылар АҚШ пен Канаданың бірлескен күш-жігерімен жүргізілген ауқымды іздеу операциясына қарамастан әлі табылған жоқ.
«Титан» сүңгуір кемесінің ішіндегі ауа тек 3-4 күнге ғана жетеді. 8 күндік саяхат OceanGate Expeditions жобасының бір бөлігі болған.
Бортта бес адам, оның ішінде бір ұшқыш және төрт «маман миссионер» бар, - деді АҚШ-тың жағалау күзеті бірінші округінің басшысы, адмирал Джон Маугер.
Action Aviation әлеуметтік желіде таратқан ақпаратқа сәйкес, борттағы адамдардың арасында Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын британдық кәсіпкер Хамиш Хардинг бар.
Сүңгуір туралы не белгілі?
OceanGate мәліметінше, кеме титаннан жасалған, салмағы 10 тоннадан асатын суасты аппараты. Сүңгуір су астындағы және жалпы тұтастықтағы қысымды бақылайтын «нақты уақыттағы корпусты жүйесін пайдаланады.
Егер кез келген ақау анықталса кеме тізгіншісіне «жер бетіне оралу туралы» үшін ескерту келеді.