Тіркелген дара кәсіпкерлік саны бір айда 2,4% азайды

17 Қаңтар 2024, 19:51
457
Бөлісу:
Тіркелген дара кәсіпкерлік саны бір айда 2,4% азайды
Фото: gov.kz

Желтоқсан айында тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,4% азайып, 1 719 мың субъектіні құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, жылдық мәнде олардың саны, керісінше, 8,5% өсткен.

Сондай-ақ желтоқсанда жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері санының да азаюы байқалды, қарашамен салыстырғанда олардың саны 1,9% кеміді, ал өткен жылмен салыстырғанда 11,1% өсті (барлығы 1 638 мың субъект). Дара кәсіпкерлік субъектілері санының бір айлық мәнде төмендеуі 2024 Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің ең көп саны «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша, олардың үлесі – 37,5%. Екінші орында «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (17,4%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16,2%). Жиынтығында осы үш қызмет түрінің үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің 71,1% құрайды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 526 290 бірлікті құрады, оның ішінде 421 209 – жұмыс істеп тұрғандар. Желтоқсандағы деректерді 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда олардың біршама азаюы байқалады, тіркелген заңды тұлғалар саны 0,4%-ға, жұмыс істеп тұрғандарының саны 0,2%-ға қысқарды. Жылдық мәнде керісінше өсім бар, тіркелгендер саны 3,6%-ға, жұмыс істеп тұрғандар саны 5,5%-ға өскен.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалардың ең көп саны «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» саласында – 27,7%, «Құрылыс» – 13,3%, «Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну» – 9,9%. Осы үш қызмет түрінің жалпы үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,9% құрайды.

Өңірлер бөлінісінде тіркелген заңды тұлғалардың ең көп саны Алматы (148 244 немесе 28,2%) және Астана (100 990 немесе 19,2%) қалаларына, сондай-ақ Қарағанды облысына (28 737 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз саны Ұлытау (2969 немесе 0,6%), Жетісу (8288 немесе 1,6%) және Абай (8281 немесе 1,6%) облыстарында.

Өзгелердің жаңалығы