Қарағандыда бір тәулікте 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

7 Қараша 2019, 17:28
13791
Бөлісу:
Қарағандыда  бір тәулікте 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәулік ішінде Қарағанды қаласында 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауа райының күрт өзгеруінен, сондай-ақ жүргізушілердің қарапайым жол жүру ережелерін сақтамауының салдарынан тәулік ішінде қала бойынша 32 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 адам зардап шегіп, 1-ауруханаға жатқызылса, 5 адам амбулаторлық ем қабылдауда, - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері барлық жүргізушіден жол жүру ережелерін сақтауды, жолда жүргенде барынша сақ болуды, жол белгілеріне аса мән беруді ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы