Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалына шықты

29 Қаңтар 2023, 15:20
779
Бөлісу:
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалына шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі Консепсьон ATP Challenger Tour турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 203-ракеткасы, аргентиналық Факундо Диас Акостамен шеберлік байқасты.

Т.Скатов бірінші партияда 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте аргентиналық теннисші жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Тимофей Скатов спорттық жолында үшінші рет челленджер жарысының финалына шықты.

Жүлде қоры 130 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында Т.Скатов әлемнің 76-ыншы, доданың бірінші ракеткасы, тағы бір аргентиналық Федерико Кориамен бас жүлдені сарапқа салады.

Соңғы бәсеке 29 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 19.00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы