Тіл білімі саласында үлкен бастамаларды көтеретін уақыт келді – Болат Тілеп

22 Қыркүйек 2023, 18:01
830
Бөлісу:
Тіл білімі саласында үлкен бастамаларды көтеретін уақыт келді – Болат Тілеп
Фото: Абай атындағы ҚазҰПУ

Алматыда Сорбонна-Қазақстан институтында «Орталық Азияның Француз зерттеулері: қатысушылар және өзекті ахуалы» тақырыбында ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Семинарда ғылым саласындағы өзекті тақырыптар талқыланып, заманауи зерттеу бағыттарына шолу жасалды және Орталық Азиямен байланысты ғылыми жұмыстар мен жобалар ұсынылды. 

ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп семинардың маңыздылығына тоқталып, Сорбонна-Қазақстан институтын бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей бірлескен жоба екенін тілге тиек етті. 

Осы уақыт ішінде институт үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, қос дипломдық бағдарламалар мен студенттердің өзара алмасу тәжірибесі жаңа деңгейге көтерілді.  Институт жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралардың алаңы және түлектеріміз үшін жаңа кәсіби баспалдақ болды. Дегенмен бүгінде университет пен елдің өз талаптары, нақты мүдделері бар. Бұл - Сорбонна-Қазақстан институтына ерекше жауапкершілік жүктейтін жаңа формациядағы педагогтарды даярлау. Франциялық әріптестерімізбен бірге ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламалары, соның ішінде тіл білімі саласында үлкен бастамаларды көтеретін уақыт келді деп ойлаймын, – деді Болат Тілеп.

Іс-шара Қазақстан мен Францияның академиялық қоғамдастығына тәжірибе алмасуға ықпал етті. Қатысушылар арасындағы пікірталас пен диалог семинардың маңызды бөлігіне айналды.

Семинарда тамаша франциялық зерттеушілерін кездестірдік. Бұл – біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі. Алдағы уақытта зерттеушілер студенттермен бірлесіп жұмыс істейтін болады. Оларға болашақта Францияда жұмысқа орналасуға және білім алуына мүмкіндік бермек. Француз университеттерінің кейбір оқытушылары қазірдің өзінде Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп жұмыс істеді. Болашақта білімді мамандардан тәлім алған студенттеріміздің қатары көбейіп, ел дамуына өлшеусіз қызмет атқаратынына сенімдіміз, – дейді  Францияның ҚР бас консулы Фабрис Неве. 

Аталған семинар Қазақстан мен Францияның ғалымдарына бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы