Тікұшақ апаты: Оқиғаның мән-жайын тергейтін комиссия мүшелері жұмыстарына кірісті

25 Ақпан 2023, 17:57
1600
Бөлісу:
Тікұшақ апаты: Оқиғаның мән-жайын тергейтін комиссия мүшелері жұмыстарына кірісті
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің БҚО-дағы бөлімшелері авиациялық оқиға орнында комиссия мүшелері үшін ТЖМ вахталық автобусы базасында жылжымалы жылыту пунктін ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мүдделі тұлғаларды оқиға орнына жеткізу үшін Батыс Қазақстан облысы ТЖД өтімділігі жоғары "Трэкол" автомобилі жұмылдырылды. 

Тікұшақ апаты: Оқиғаның мән-жайын тергейтін комиссия мүшелері жұмыстарына кірісті

Қираған тікұшақтың сынықтары мен бөліктерін сақтауға арналған қоймалар және ангарлар іздеу, оларды жүк автотехникасы мен крандарды тарта отырып жеткізді қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. 

Тікұшақ апаты: Оқиғаның мән-жайын тергейтін комиссия мүшелері жұмыстарына кірісті

Оқиғаның мән-жайын тергеумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді Тергеу департаментінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері айналысуда, сондай-ақ тікұшақты әзірлеген зауыт өкілдері жұмылдырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, БҚО-да тікұшақ апатқа ұшырап, 4 қызметкер қаза тапқан еді. Кейіннен олардың есімдері де жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы