TikTok-та балағат сөздер айтқан стример жауапқа тартылды

2 Қараша 2026, 20:47
АВТОР
 видеодан скриншот 2 Қараша 2026, 20:47
2 Қараша 2026, 20:47
128
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады.

Шымкент қаласында жүрген Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны Назерке Әділ тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтып, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытқаны белгілі болды.

Аталған азаматшаға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция ескертеді: мұндай құқыққа қайшы әрекеттер назардан тыс қалмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзу жайты үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісуда 18 жастағы бойжеткен жауапқа тартылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қонаевта әйел TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді

Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды

Талдықорғандық TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

Наверх