TikTok арқылы елдің туристік мүмкіндіктерін насихаттау мәселесі қарастырылды

12 Қазан 2023, 16:26
602
Бөлісу:
TikTok арқылы елдің туристік мүмкіндіктерін насихаттау мәселесі қарастырылды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.

️Өз кезегінде Чжоу Шоуцзы Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны туралы баяндады. Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы өткізілді. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау әдістерін үйрету курсынан өтті.

Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды

Өзгелердің жаңалығы