ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

29 Маусым 2021, 19:43
3348
Бөлісу:
ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы Көпсалалы медициналық орталықта қайырымдылық шарасы өтті. Аталған іс-шара Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТІКА) қолдауымын ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, 21 маусым күні Түркиядан келген дәрігерлер Көпсалалы медициналық орталық қызметкерлеріне арналған оқыту курсын бастаған болатын. Бір аптаға созылған курс бүгін тәмамдалды.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығы негізінен онкологиялық науқастарға қызмет көрсетуге бағытталғанымен, басқа алаңдарда да науқастарға кызмет көрсетіп келеді. Орталықта 2019 жылдың желтоқсан айынан инсультпен ауыратын науқастарды емдеу және оңалту қызметін көрсететін «Инсульт бөлімі» бастап жұмыс істейді.

Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсетілетін орталықта 10 реанимация бөлмесі, 30 сал ауруына шалдыққандарға арналған бөлме, сондай-ақ алғашқы және қайталама оңалту залдары бар. Осылайша, пациенттердің ай сайынғы сыйымдылығы 100 пациентке дейін жетеді. Екінші жағынан, 45 науқасқа бір уақытта қызмет көрсете алады.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Қайырымдылық акциясында сөз сөйлеген Көпсалалы медициналық орталықтың бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев Түркия Үкіметіне гуманитарлық көмек үшін алғысын жеткізді.

Бүгін Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің өкілдері біздің орталықтың инсульт сырқатын емдейтін орталыққа гуманитарлық көмек ретінде құрал-жабдық табыстап отыр. Емдеу құралдарын қолдану бойынша оқыту жүргізілді.

Бас дәрігер орталықтың атынан Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи мырзаға алғыс айтты.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Медицина саласында тәжірибе алмасу өте маңызды. Біз – Түркия мемлекеті өз тәжірибемізбен бауырлас, дос елдермен бөлісуді жөн санаймыз. Осыған орайда, TIKA-ның бастамасымен Түркия елінен мамандар келгеніне куә болып отырмыз. Қазақстаннан да Түркияның дәрігерлерінің үйренерлері өте көп. Алдағы уақытта ынтымақтастығымыз нығая түсіп, осындай игі жобалар жалғаса береді деп ойлаймыз. Теориялық білім мен орнатылған құрал-жабдықтар қазақстандық бауырларымызға пайдалы болады деп ойлаймын, - деп айтты Түркия Республикасың Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи.

Гуманитарлық көмек ретінде берілген құрал-жабдықтардың қолданылуын Түркиядан арнайы маман келіп үйретті. Ол бір апта бойы орталықтың дәрігерлеріне теориялық және практикалық білімімен бөлісті.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Медициналық орталықтың басшылығымен қарқынды келіссөздер аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан келіп түскен жоба өтініміне байланысты түрік және еуропалық стандарттарға сәйкес «Физио-терапия және оңалту орталығы» құру қажеттілігі бар екендігіне көзіміз жетіп, техникалық жағынан анализ негіздемесі жасалып, түрлі дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы тұрғыда, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастығы және Үйлестіру Агенттігі (TIKA) тарапынан жүзеге асырылған бұл жоба аясында физикалық кемістігі бар немесе жарақат алған науқастарды қалпына келтіруде және оларды тиісті бөлімшелер арасында тасымалдау үшін әр түрлі жабдықтар аталған ауруханаға сыйға тартылды. Осы жоба аясында Түркиядан Medipor Ортопедия компаниясының басқарма төрағасы Мевлана Уйсал мырза оқыту курсын өткізу үшін келгеніне алғысымызды білдіреміз, - деді TIKА-ның Қазақстандағы үйлестірушісі Исмаил Гүрлек мырза.

Ол осынау жоба жалғасын табатынын айтты.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Гуманитарлық көмек ретінде келген құрал-жабдықтардың қатарында екі моторлы медициналық кереует, жиналмалы орындық, пациенттер мен олардың туыстары үшін арнайы жасалған киім шкафы, мүгедектің душқа жайлы отыруы үшін душқа арналған орындық және ұстағыш, сал ауруымен ауырған науқастарды олардың төсегінен оңалту бөлмесіне жеткізуге арналған аккумуляторлы лифт. Одан бөлек, пациенттерге күнделікті өмірде анатомиялық жүру жағдайын қамтамасыз ету үшін әр түрлі аралықта параллель барлар, пандустар мен баспалдақтар, бір уақытта 4 пациенттің реабилитациялық жаттығулармен айналыса алатын «Бобат төсектері», қол мен білек дағдыларын арттыруға арналған «Tilt table» бар.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Сонымен қатар пациенттердің қол дағдыларын арттыру үшін күнделікті өмірде қолданатын қол тақтасы, жаттығу шкафы және «Bobat төсектерінде» жоғарғы және төменгі аяқты созуға арналған материалдар, клиника типіндегі электротерапия қондырғылары, электротерапия залы, төсек басына арналған электротерапия аппараты, 6 ай ішінде күн сайын 30 амбулаториялық және 30 стационарлық науқастардың қажеттіліктеріне жететіндей спазмалар мен шығын материалдары және науқастарға арналған «Hotback қазандары», саусақ өлшеуіші «Оттегі өлшегіш» бар.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Барлық жабдықтар 40 атаумен көрсетіліп жалпы саны 536 зат сыйға тартылды. Барлық берілген материалдар бойынша практикалық және теориялық оқыту курстары жүргізілді. Атқарылған дайындық жұмыстары және теориялық және практикалық оқу курстарынан соң Түркия Республикасың Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи, ТИКА-ның Қазақстандағы өкілі Исмаил Гүрлек және аурухананың бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев және оның командасының қатысуымен сертификаттарды табыстау рәсімі өтті.

ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталыққа заманауи технологияларды сыйға тартты

Өзгелердің жаңалығы