The Guardian оқырмандары Қазақстанды туристік елдер қатарына қосты

6 Қаңтар 2021, 00:07
1726
Бөлісу:
The Guardian оқырмандары Қазақстанды туристік елдер қатарына қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан The Guardian басылымының оқырмандары саяхаттауға кеңес берген елдер қатарына кірді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар, Ұлыбритания басылымының тізімінде Шотландия, Украина, Қырғыз Республикасы, Мавритания, Грузия мемлекеті бар.

Біз Жаңа 2021 жылдан зор үміт күтеміз. Əлемдік вакцинация шексіз еркіндікті сезінуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Өз басым 2019 жылы бастаған көне Жібек жолы бойындағы елдерді аралауды жалғастырамын. Қытайдағы Қашқар жерінен бастап, Алматы, Бішкек, Самарқандқа жалғасқан сапарымды осы жылы Тегеранға сосын Бакуге барып тәмамдауды жоспарлап отырмын, - дейді бұған дейін қазақ жеріне саяхаттап келген Скотт Страчан есімді оқырман.

Айта кетейік, жақында Францияның Le Figaro басылымы Қазақстанды 2021 жылы саяхаттауға арналған 21 дестинация қатарына қосқан еді.

Өзгелердің жаңалығы