Тез табылған телефон

7 Қараша 2022, 11:12
1906
Бөлісу:
Тез табылған телефон

Қостанайда қала тыныштығын күзетіп тұрған ұландық сарбаздар аз уақыт ішінде қымбат телефонды қолды қылған ұрыны құрықтады деп хабарлайды сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Оқиғаның негізгі бағытына тоқталсақ, кеше кешкісін Қостанай қаласының қоғамдық тәртібін сақтау бойынша тапсырма алып, көшелерді бақылауға шыққан ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің сарбаздарына ерекше тапсырма жүктеледі. Атап айтар болсақ, кешкі сағат 20.48 шамаларында облыс орталығындағы Әл-Фараби даңғылы 38 үйінде орналасқан «Портал» атты компьютерлік клубта белгісіз біреу әкімшінің үстелінің үстінде жатқан құны 80000 теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефонын жымқырып, ізін суытып үлгергені жайлы хабар түседі. 

Аталмыш қылмыс жедел тапсырма алған жауынгерлер ұрының ізіне түседі. Осылайша жедел іздестіру жұмыстары мен сарбаздардың қарағылығының арқасында оңай олжаға кенелуді ойлаған ұры ұсталып, Қостанай қаласының полиция учаскесіне тапсырылды.

«Кешкі сағат 20.48 шамалары еді. Бізге полиция департаментінің желілерінен бейтаныс адамның телефон ұрлағаны жайлы хабар берілді. Ақпаратты толықтай анықтап, аталған тәртіп бұзушыны іздестіре бастадық. Көп ұзамай «Март» сауда үйінің алдында, деректерге сай келетін күдіктіні байқадық. Осылайша оны бірден тұтқындау туралы шешім қабылдадық», - дейді әскери жасақ бастығы кіші сержант Рустам Актанов.

Аталған әрекет бойынша тәртіп бұзушыға Қостанай полиция басқармасында ҚК 188 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалыпты.

Өзгелердің жаңалығы