Тестілеу кезінде мұғалім қайтыс болды

14 Сәуір 2022, 15:45
2363
Бөлісу:
Тестілеу кезінде мұғалім қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. 

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Қаланың білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Бұл соңғы 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі.

ҰБТ-ны (Ұлттық біліктілік тестілеу) 2018 жылдан бастап тапсырып келеді. Сондай-ақ бекітілген санатына байланысты 230 мыңнан астам адам жыл сайын жалақының 30-50% мөлшерінде қосымша төлемдер алады. Осы ретте аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтеміз. Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді, - делінген орталық таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі беріледі.

Өзгелердің жаңалығы