Tesla-ның акциялары үш айда екі есеге өсті

13 Қаңтар 2020, 23:19
1779
Бөлісу:
Tesla-ның акциялары үш айда екі есеге өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Tesla акциялары 5%-ға, әр данасына 492 доллардан өсіп, нәтижесінде капиталы 89 млрд доллардан асты.

Бұл америкалық автоөндіруші алпауыттар Ford пен General Motors-ты қоса алғандағы капиталынан артық. Ford-тың капиталы – $37 млрд, General Motors-$50.

Tesla акцияларының өсуіне себеп – Қытайда бірінші зауыты ашылды.

Алайда капиталының артуына қарамастан Tesla-ның сатылымы дәстүрлі автокөліктерден аз. 2019 жылы GM мен Ford АҚШ-та ғана 2 млн автокөлік жеткізген, Tesla болса бүкіл әлем бойынша 367,5 мың электрокөлік сатқан.

Өзгелердің жаңалығы